Әлеумет
Азаттықтың тірегі – Ата Заңым
Елбасы Н.Назарбаев «Біздің Ата Заңымыз-Қазақстан халқының саналы түрде таңдауының жемісі. Ата Заңмен өмір сүру, білімі мен тәжірибесін өмір бойы үйренетін димократияның жоғарғы мектебі» - деп, оның құндылығын анықтап берді.
Міне Ата-Заңға байланысты сәрсенбі күні «Мәдениет және демалыс» орталығында «Ата Заңым-айбыным» атты мәдени шара өтті. Шараға мекеме қызметкерлері мен жастар және қызығушылық клубтардың мүшелері қатысты. Бүгінгі шараны «Сұңқар» клубының оқушылары өлең шумақтарымен осы күннің қанадай маңызды мереке екенін жеткізді. Жалпы 30-ші тамыз қандай қандай мереке екенін білмейтін жан кемде-кем шығар. Дегенмен осы тұста жалпы көпшілік қауымға «30-ші тамыз қандай күн және оның маңыздылығы қандай деңгейде тойлану керектілігі» жөнінде халықтан сауалнама алған бейнебаян келген қонақтарға көрсетілді. Осыдан кейін аудандық мәслихат апаратың басшысы Мыңжасар Кемелханұлы құттықтау сөз кезегін алып, келген барша қонақтарды мерекемен құттықтап, бүгінгі күннің ерекшелігіне аздап тоқтала кетті. «Біздің мемлекеттің оның ішінде қоғамның тынысын, елдің қатынасын реттеуде тәуелсіздігіміздің айғағы-тірек заңымыздың алатын орны ерекше. Қай заманда да, қай қоғамда да елді тәртіпке салатын, халықтың қамын күйттейтін бір заңның болуы шарт. Онсыз ешбір елдің түтінінің түзу шықпасы анық. Біздің Ата Заңымыз да, Қазақстан халқының саналы таңдаулы, өркенді дамуымыздың кепілі. Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз» — дейді.
Иә, расымен де қазіргі таңда тәуелсіз елде өмір сүріп жатқандығымыз, өзмізді-өзіміз қорғап ешкімнің алдында мүддемізді, құқығымызды таптатпауымыз сияқты мәселені шешетін ол әрине Ата Заңымыз. Осы тұрғыда аудандық соттың канцелярия бөлімінің меңгерушісі Гауһар Шыңғысқызы да өз ойын да айта кетті. «ҚР конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Заң алдындағы жұрттың бәрінің тең қорғау құқығы кез келген әділетті демократиялық қоғамның негізгісі болып табылады. Адам бай ма, әлде кедей ме, этникалық үлкен топқа жата ма, үкіметтің саяси одақтасы ма кез-келген адам заң алдында тең қорғалуына құқығы бар» — екенін жеткізді. Әрмен қарай құлақтың құршын қандыратын қазақтың ұлттық домбырасымен күмбірлеген күй шерітіліп, әуезді ән айтылды. Кітапхана ұжымы да келген қонақтарға кітап көрмесін қосымша мәлімет болсын деген ниетпен ұйымдастырып қойыпты. Шара басталғаннан бері бүгінгі күнінің қандай маңызды екенін айтудан адамдар кем түспеді. Бүгінгі шараны қорытындылау үшін аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Бөкен Қабиұлына берілді. «Құрметті үлкендер мен жастар бүгінгі Конституцияның 23 жылдық күнімен ардагерлер атынан құттықтаймын. Осылай бейбітшілікепен, тұрақтылықпен, тыныштықпен осы мерекеден мерекеге жете берейік дегім келеді. Тек құттықтап қоймай манадан бері көрінстерді көріп жатырмыз содан ой туындап жатқасын мына жастарға өзімнің ойымды айтып кеткім келіп отыр. Жалпы қазіргі заманда заңды білу керексіздер себебі кебір жағдайларда жастармыз оқыған болғанымен заң жағынан білімі аздау болғандықтан кейбір өзіңе тиесілі дүниелерден айырылап қалып жатқандығанын естіпте жүрік. Содықтанда қазіргі заман сіздердің замандарыңыз. Кезінде бізге ешкім бұлай ашық түрде түсіндірме жұмыстарын жасамайтын. Ал қазір бәрі бар, дамыған заманда заңды да жаттап, өз есеңді өзгеге жібермеңіздер дегім келеді» — деп сөзін түйіндеді.
Өміргүл ТЕМІРХАН.