Экономика

Өңдеу саласы даму қарқынын көрсетуде: азық-түлік өндірісі 9,2%-ға артты – Жолдаудағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру

Ауыл шаруашылығында тек өнім өндірумен шектелмей, оны қайта өңдеу де үлкен мәнге ие. Президент Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңдеу саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінген болатын. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар нәтижесін беріп отыр.
2025 жылғы қаңтар–шілде айларында азық-түлік өндірісі 9,2%-ға өсіп, 2,13 трлн теңгеге жетті. Бұл дегеніміз – елімізде өндірілетін өнімнің көлемі ғана емес, сапасы да артып келе жатыр деген сөз.
Өңдеу саласының дамуы шаруалар үшін де тиімді. Өйткені шикізатты ішкі нарықта қайта өңдеп, дайын өнім ретінде сатуға мүмкіндік бар. Бұл – қосымша табыс, жаңа жұмыс орындары және ел экономикасына қосылған үлес.
Президент тапсырмаларының жүйелі орындалуы арқасында елімізде азық-түлік өндірісі тұрақты дамып келеді. Бұл ауылдағы еңбек адамдарының еңбегін бағалаумен қатар, халыққа қолжетімді әрі сапалы өнім ұсынуға жол ашып отыр.

Дүйсенова Айгүл, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты

Related Articles

Back to top button