ӘлеуметБасты тақырыпЭкономика

«ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ» БІР ЖЕМІСІ – «ХАН ТӘТТІЛЕРІ» ДҮКЕНІ

Өткен сенбіде Ойыл селосында «Хан тәттілері» атты кондитерлік дүкен ашылды. Жас кәсіпкерді аудан әкімі Асқар Қазыбаев құттықтап, лебізін білдірсе, қуанышты бөлісуге келген туыстары ісіне сәттілік тіледі. Ойыл селосының тұрғыны Әсемгүл Шәкенова көп балалы ана.

Өткен жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде гранттар беру» бағдарламасы арқылы мемлекеттен қайтарымсыз грант алған еді.

Бұрыннан да тұрғындардың тапсырысына орай үйден әртүрлі кондитерлік өнімдер дайындайтын Әсемгүл мемлекеттік грантқа тәтті өнімдер дайындауға қажетті жабдықтар сатып алған-ды. Олардың барлық мүмкіндігін пайдалануға үйдің тарлық еткені рас. Сондықтан көшенің қарсы бетіндегі ағайынының көне үйін сатып алды. Әрине, мемлекеттен алған 1250 мың теңге қажетті жабдықтардан ауысқан жоқ.
Қолы шебер жолдасы Қайрат көне үйдің ішін адам танымастай жайнатып қойды. Тазалық пен ұқып ұштасқан жерде тұтынушының талғамынан шығатын тәтті өнімдер сөреде самсап тұр. «Жақсыны көрмекке» жиналған жұртшылық дүкеннің ашылу салтанатына арнайы жайылған дастарқаннан дәм татты. Ал, жаңа кәсіпкерлік нысанның атауын Әсемгүлдің өзі былай түсіндірді: «Махаббатпен» жасалған. «Қайсарлық» танытқан. «Көркем әсемделген». «Хан» тәттілері. Балаларының атынан құралған Ойыл ауданындағы алғашқы кондитерлік дүкен иесі «Әр адам ханға лайық өмір сүруге құқылы» — дейді.

Басқа жаңалықтар