Экономика

Президент: Озық ел болу – әр азаматтың сапасына байланысты

Ақорда төрінде өткен салтанатты жиында, Республика күніне арналған сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның болашағы туралы өз көзқарасын білдірді.
Мемлекет басшысы еліміздің басты стратегиялық мақсатын айқындады:
«Қазақстанымыз Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Күшті ел болуы керек. Бұл – жалпыұлттық стратегиялық мақсатымыз, барша азаматқа ортақ міндет».
Президент атап өткендей, Қазақстанның өркендеуі азаматтардың сапасына тікелей байланысты.
«Біз бәсекеге қабілетті ұлт болуымыз керек. Бұл – ең алдымен, ұлтымыздың сапасы, яғни азаматтарымыз заманауи, озық ойлы, жасампаз болуы қажет деген сөз».
Тоқаевтың бұл жолғы үндеуі – жастарға бағытталған нақты бағдар. Ел ертеңін айқындайтын басты күш – адал, білімді, еңбекқор және отаншыл буын екенін Президент айқын жеткізді.

Үмбетхан Сәрсенбин, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің әлеуметтік-саяси пәндер кафедра меңгерушісі

Related Articles

Back to top button