Экономика

Шығармашылық шеберхана – кәсіби дамудың алаңы

Ойыл ауданының жылдық жоспарына сәйкес Амангелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Жұмағалиева Ақтоты Жұмағалиқызының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда Lesson Study әдісін қолдану» тақырыбындағы шығармашылық шеберхананың I отырысы өтті.
Шара барысында қатысушылар зерттеу сабағының тиімді ұйымдастырылуы, оқыту процесінде құндылықтарға бағдарланған білім беру мазмұнын оқу бағдарламасына кіріктіру жолдары жөнінде тәжірибе алмасты. Шеберхана отырысы пән мұғалімдерінің әдістемелік құзыреттілігін арттыруға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тиімді алаң болды.

Related Articles

Back to top button