Экономика

Тоқаев: Елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар басталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – елдің транзиттік әлеуетін арттырудағы айрықша міндет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев: Елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар басталады

Фото: Ашық дереккөз

«Елдегі автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – айрықша маңызды міндет. Бұл, біріншіден, Қазақстанның батыс пен шығыс арасындағы транзит дәлізі ретіндегі рөлін арттыра түседі. Екіншіден, облыстар арасындағы көлік байланысын барынша жақсартады. Жақында Қызылорда – Жезқазған жолының Қызылордаға тиесілі бөлігі салынып бітті. Жыл соңына дейін Ұлытау облысындағы бөлігінде көлік қозғалысы толық ашылады. Жолдың жалпы ұзындығы – шамамен 400 шақырым», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, биыл Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар басталады.

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» – Қазақстандағы ең негізгі жолдың бірі. Алайда, оның Қызылорда – Ақтөбе арасындағы бөлігі – тар, көлік апаттары жиі болып жатады. Мен осыған дейін бұл жолды кеңейту туралы тапсырма бердім. Биыл осы бағытта төрт жолақты жаңа күре жолдың құрылысы басталады. Қазіргі жолдың көбі облыстардың ішкі жолы болып қала береді. Сондай-ақ мен былтырғы Жолдауымда «Бейнеу – Сексеуіл» жолының құрылысын тездетуді тапсырғанымды білесіздер. Ондағы жұмыстар да биыл басталмақ. Жоба жүзеге асқан соң «Орта дәліздің» қашықтығы 900 шақырымға қысқарады, яғни, Ақтау, Құрық порттарына тура жол ашылады. Қарағанды – Жезқазған бағытындағы жол талай жылдан бері тозып тұр. Биыл ескі жолдың қапталына екі жолақты жаңа жол салуға кірісеміз Кейін ескі жолды да жаңғыртып, төрт жолақ ету жоспарлануда», деді Президент.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы осы жылы «Сарыағаш айналма жолының» құрылысы қолға алынатынын айтты.

«Барлық жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуын тікелей бақылауда ұстайтын боламын. Себебі, бұл жобалар Қазақстанның халықаралық көлік-логистика орталығы ретіндегі әлеуетін мейлінше нығайта түседі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жаңа Парламенттің атауын «Құрылтай» деп атауды ұсынды

Сонымен қатар Мемлекет басшысы кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың басында болған жағдайға да аса мән берді. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Арал теңізі мәселесіне қатысты пікір білдіріп, оны сақтау бүкіл адамзат үшін өзекті міндет екенін айтқан болатын.

Related Articles

Back to top button