Экономика
ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ЕЛ ТАРИХЫНДА ҚАЛАДЫ

Ұлттық құрылтай ел тарихында қалады. Біз аз ғана уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқардық. Конституцияға сәйкес, мемлекет баршаға тең мүмкіндіктер жасауға, яғни қатысудың инклюзивті қоғамын қалыптастыруға тиіс. Өйткені қоғамның белсенді рөлінсіз – азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси және діни бірлестіктердің қатысуынсыз – орнықты құқықтық жүйе құру мүмкін емес. Конституцияның сақталуына жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес, әрбір адамға жүктеледі. Кері байланыссыз, қоғамдық белсенділік пен сауатты азаматтық қатысусыз алға жылжу мүмкін емес.
Уайсов Алдаберген Дайырұлы



