КОНСТИТУЦИЯ БИЛІК ТАРМАҚТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

Жаңа Конституция жобасының басты бағыттарының бірі – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту. Әрбір азаматтың заң алдындағы теңдігі, өз пікірін еркін білдіруі және әділ сотқа жүгіну мүмкіндігі мемлекеттің негізгі қағидалары ретінде белгіленеді. Бұл өз кезегінде құқықтық мәдениеттің қалыптасуына және азаматтардың мемлекетке деген сенімінің артуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, жаңа Конституция билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға бағытталған. Атқарушы, заң шығарушы және сот билігінің өзара жауапкершілігі күшейіп, бір-бірін бақылау тетіктері жетілдіріледі. Бұл басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол бермейді. Демек, бұл өзгерістер демократиялық мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады.
Исабаев Дулат
Ш.Берсиев атындағы Ойыл музейі басшысы



