Бақыт Нұрмұханов: жаңа Конституцияда барлық өтпелі рәсімдер, мерзімдер мен регламенттер көрініс тапты

Конституциялықреформажөніндегікомиссияның12-ші отырысыбарысындаҚазақстанРеспубликасыКонституциялықСотытөрағасыныңорынбасарыБақытНұрмұханов келіп түскенұсыныстардыңқорытындылары негізінде жаңа Ата Заңжобасынаенгізілгенқосымшанормалартуралыхабарлады.
Оның айтуынша, негізгі бағыттардың бірі – тұрғын үйге қол сұғылмаушылық кепілдігін күшейту. Бақыт Нұрмұханов 28-баптың
1-тармағында тек тұрғын үйден айыруға ғана емес, соттың шешімінсіз одан шығаруға да жол бермейтін толықтыру көзделгенін атап өтті. Тұрғын үйге басып кiруге, оны қарап-тексеруге, тiнтуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртiппен жол берiледi.
Талдау қорытындылары бойынша жаңа Конституцияның күшіне ену және 1995 жылғы Конституцияның қолданысын тоқтату мерзімдерін регламенттейтін нормалар қосымша көзделген. Жекелеген ережелер бірпалаталы Құрылтайға көшу және оның сайлауын өткізу мәселелерін реттейтін болады. Спикер нормалардың басқа бөлігі лауазымды тұлғаларды тағайындауға және жаңа мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қатысты екенін атап өтті.
«Конституциялық Кеңес пен Конституциялық Соттың бұрын қабылданған нормативтік қаулылары Ата заңға қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайтынын атап өткім келеді», – деді Бақыт Нұрмұханов.
Соңындаолжобамәтіндерініңпысықталғанытуралыхабарлады.Спикердіңайтуынша, Конституцияжобасыныңмемлекеттікжәнеорыстілдеріндегімәтіндерібарыншажетілдірілген.
«Оларда терминологиялық және семантикалық бірізділік қамтамасыз етілген. Құқықтық нормалардың тұжырымдамалары қолжетімді және олардың мазмұны баршаға түсінікті етіп жазылған. Бұл бағытта заңгерлер мен лингвист мамандардан құралған жұмыс топтарының үлкен жұмысын ерекше атап өткім келеді. Жаңа Конституцияның пысықталған жобасы Комиссия мен жұмыс топтарының отырыстарында жан-жақты талқыланып, қолдау тапты. Комиссия мүшелерінің азаматтармен және заң қоғамдастығы өкілдерімен өткізген кездесулерінде де оң пікірлер айтылды», — деп қорытындылады Бақыт Нұрмұханов.



