Экономика
Референдум – халық сенімінің символы

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойылуы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға. Бұл – мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешімді халықтың өзіне тапсыру деген сөз. Референдум – тек дауыс беру рәсімі емес, ол халық сенімінің, азаматтық жауапкершіліктің және демократиялық құндылықтардың айқын көрінісі.
Тәуелсіз ел үшін әрбір тарихи кезең маңызды. Осындай сәттерде халықтың бірлігі мен белсенділігі айрықша рөл атқарады. Референдум арқылы әр азамат ел дамуына өз үлесін қосады. Әр дауыс – болашаққа бағытталған қадам. Себебі мемлекеттің ертеңі бүгінгі таңдауымызға тікелей байланысты.
Мамбетова Айсұлу
Қоғам белсендісі



