Экономика

Демократиялық таңдаудың көрінісі

Референдум – халық билігінің айқын көрінісі. Мұндай саяси тетік азаматтардың мемлекетті басқару ісіне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Бұл үдеріс қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді арттырып, шешім қабылдау мәдениетін нығайтады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бірқатар маңызды саяси реформаларды жүзеге асырды. Соның ішінде 1995 жылғы Конституцияны қабылдау бүкілхалықтық референдум арқылы бекітіліп, елдің құқықтық негізін қалыптастырды. Кейінгі жылдары жүргізілген конституциялық өзгерістер де мемлекет басқару жүйесін жетілдіруге бағытталды. Бұл тәжірибе халық пікірінің стратегиялық шешімдерде шешуші рөл атқаратынын көрсетті.
Досбаева Інжу
Ойыл кәсіптік колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Related Articles

Back to top button