Экономика
Әрбір сайлаушының дауысы – құнды.

Ол жеке көзқарастың ғана емес, қоғамдық пікірдің бір бөлшегі. Азаматтық белсенділік артқан сайын мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс нығая түседі. Бұл өз кезегінде саяси тұрақтылық пен әлеуметтік келісімді қамтамасыз етеді.
Референдум – тек таңдау жасау емес, бұл – саналы шешім қабылдау үдерісі. Әр азамат ұсынылған өзгерістерді саралап, өз ұстанымын айқындауы тиіс. Себебі бүгінгі қабылданған шешім ертеңгі ұрпақтың өміріне әсер етеді.
Ойылханова Венера
Ішкі саясат маманы



