Экономика
ҚҰРЫЛТАЙДЫ – ҰЛЫ КЕҢЕСТЕРДІҢ ЗАМАН АҒЫМЫНА САЙ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУЫ

Ұлттық Құрылтайда көтерілген ұсыныс-талаптар мен Парламент арасындағы рухани байланыс жыл өткен сайын артып келеді. Мысалы, Ұлытаудағы жиында 25 қазан – Республика күнін ұлттық мереке мәртебесін қайтаруға екпін берілсе, 2022 жылы Парламент «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзету енгізіп, ұлық мерекенің қайта салтанат құруына заңдық негіз жасады. Түркістандағы Құрылтайдан кейін «Балалар кітапханасы» атты жаңа жоба дүниеге келді. Атыраудағы маңызды жиыннан кейін әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін күшейту туралы заң, вейп саудасына тыйым салу, мемлекеттік наградалар мен ономастика туралы заң қабылданды. Оған вандализм мен ойын бизнесін шектеу туралы құжат қосылды.
Арыстанов Марат
Ойыл аудандық қоғамдық кеңес төрағасы



