Референдум
15 наурыздағы референдум – халық таңдауы мен тарихи жауапкершілік

15 наурыздағы референдум – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды белес. Бұл саяси науқан тек заңнамалық өзгеріс қана емес, сонымен қатар қоғамның саналы таңдау жасау мәдениетін көрсететін демократиялық тетік. Жаңғыру жолына түскен Қазақстан үшін мұндай қадамдардың маңызы ерекше.
Соңғы жылдары елімізде жүйелі реформалар қолға алынып, мемлекеттік басқару ісінде ашықтық пен әділдік қағидаттары күшейтілді. Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастамалар қоғам сұранысына жауап беретін, заманауи әрі тиімді басқару үлгісін қалыптастыруға бағытталды. Референдум – осы өзгерістерді тереңдетудің нақты құралы.
Асылбаев Ерлан Базарбайұлы — Көптоғай ауылдық округінің әкімі


