ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

АУДАН ӘКІМІ АУЫЗАШАР БЕРДІ

ӨТКЕН ЖҰМА КҮНІ ЕЛІМІЗ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫМЕН АУЫЗАШАР БЕРІЛСЕ, ОБЛЫСТА ӨҢІР БАСШЫСЫ ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ ҚОСТАП, АЛ АУДАНДАРДА АУДАН БАСШЫЛАРЫ ОСЫ ИГІ ІСТІ ЖАЛҒАСТЫРДЫ.

Ауызашар дастарханына ауданның құрметті ақсақалдарымен қатар, бірқатар мекеме басшылары, ақ жаулықты аналар шақырылды. Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы Алла Тағаланың мейірім нұры жауатын, сабырлыққа шақыратын кешірім айы. Шара басталар алдында аудан басшысы Асқар Қайырғалиұлы сөз алып, Рамазан айымен құттықтап, жиналған жұртшылыққа бейбіт өмір, тыныштық тіледі.
Ойыл аудандық орталық мешітінің найб имамы Сұлтанбек Мұқашов ауыз бекіткен ағайынды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, жылы лебізін жолдады. Сонымен қатар ізгі амалдар мен игі қадамдарға, жақсылық пен рақымшылыққа жетелейтін бұл айдың қадір-қасиеті хақында әңгімеледі.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Аманғосов Рамазан айы мерекесімен құттықтап, жиналған қауымды береке-бірлікке шақырса, Ойыл ауданының құрметті азаматы Ғазиз Займолда ақ тілегін арнады.
Берекелі отырыста тағылымды насихат айтылды.
Жиын соңында ас қайырылып, құран бағыштады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар