Әлеумет

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ»:БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ ҮЗДІК ЭКОЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Таза Қазақстан – таза болашақ» облыстық экофестивалі аясында балабақшалар өздерінің мазмұнды әрі жаңашыл жобаларын көпшілік назарына ұсынды.

Бұл жобаға Ойыл ауданынан «Асанәлі» бөбекжай-бақшасы «Ақ бордан – жасыл әлемге» жобасын таныстырды.
Жоба барысында тәрбиеленушілер табиғи бордың қасиеттерін зерттеп, ІТ технологияларды, соның ішінде WeDo бағдарламасын пайдалану арқылы экологиялық білімдерін кеңейтеді. Сонымен қатар олардың зерттеушілік қабілеттері мен шығармашылық дағдылары дамиды.
Ал, «Балдырған» бөбекжай-бақшасы «Eco Herb Kids» жобасын ұсынды. Эко-бақшада балалар дәрілік шөптердің пайдасымен танысып, табиғатпен етене байланыс орнатады. Бұл жоба арқылы бүлдіршіндердің қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі артып, еңбекке қызығушылығы қалыптасады.
Ұсынылған жобалар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің маңызын айқын көрсетті. Себебі дәл осы кезеңде балаларды еңбекке баулу, зерттеушілік қабілетін дамыту, табиғатты аялауға үйрету – балабақша педагогтарының жүйелі еңбегінің нәтижесі.
Бұл бастамалар болашақ ұрпақтың саналы, жауапты әрі табиғатқа жанашыр болып қалыптасуына берік негіз қалайды.

Related Articles

Back to top button