ӘлеуметМәдениетСұхбат

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ АРҚАУ БОЛҒАН КЕЗДЕСУ

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚАЙРАН БІЗДІҢ АРДЫ ОЙЛАҒАН АНАЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА РУХАНИ-ТАҒЫЛЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Кештің қадірлі қонағы – Қазақстан Республикасының құрметті азаматшасы, көп
балалы ардақты ана, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының «Ең үздік әйел» орденінің иегері, «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының Гран-при иегері, «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының әйелдер денсаулығы мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға жәрдемдесу тобының мүшесі, ұлттық салт-дәстүрді насихаттаушы Бибігүл Әбдішүкірқызы болды.

Кездесуге Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Саян
Сүлеймен, Ойыл аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Гүлнұр Дүсіпова және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары қатысты. Тағылымды кездесуде ананың қоғамдағы орны мен қадір қасиеті, отбасының берекесі мен бірлігі, ұлттық тәрбиенің маңызы, салт-дәстүрді сақтау мен кейінгі ұрпаққа насихаттау мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, бүгінгі қоғамда мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу, ер азаматтардың отбасындағы және қоғамдағы беделі, кемел қарттыққа берекелі жетудің мәні жөнінде де әсерлі әңгімелер өрбіді. Кездесу барысында Бибігүл Әбілдаева өмірден түйген
тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, отбасы институтын нығайту және ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлі туралы мазмұнды ойларын ортаға салды. Қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Шара соңында аудан әкімі Асқар Қазыбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдиннің атынан Бибігүл Әбдішүкірқызына алғыс хаттар, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды. Тағылымға толы кездесу көпшілікке ерекше әсер сыйлап, ананың қадірі мен отбасы құндылықтарының маңызын тағы бір мәрте ұғындырды. Кездесуді көркем әнмен әрлеген аудандық мәдениет үйінің қызметкері Боранбай Ешпанов жиналған қауымға әсем әндерін тарту етіп, кештің ажарын аша түсті.
Гаухар АБАЙҚЫЗЫ.

Related Articles

Back to top button