«ЕҢБЕК ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ»

Кеше 1 маусым халықаралық балалар күніне орай Ойыл аудандық белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушыларына «Еңбек пен тазалық – егіз ұғым» тақырыбында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тағылымды тазалық акциясы ұйымдастырылды. Тағылымды тазалық акциясы аясында орталық қатысушылары өздерінің тұрғын үйлерінің аула маңын, аула ішін тазалап, немеремелерімен бірге бірігіп жасады. Акцияның негізгі мақсаты адамның еңбекке деген адал қарым-қатынасы оның қоршаған ортаға, қоғамға және өз денсаулығына деген тазалығын айқындайтындығын, тазалық пен еңбек екі ұғым бірін-бірі толықтыратындығын физикалық және рухани тазалық еңбек етуге құлшыныс оятатындығын «Таза Қазақстан» сияқты ауқымды экологиялық бағдарламалар аясында, табиғатты таза ұстау – еңбекқорлық пен азаматтық борыштың көрінісін қалыптастыратындығын, тазалықты қатар ұстау адамды ұқыптылыққа, жауапкершілікке және жүйелілікке үйрететіндігін, бұл құндылықтар отбасынан басталып, ұлттық тәрбиенің негізін құрайтындығын орталық қатысушылары яғни үлкендер өз істерімен және өз сөздерімен немерелеріне жеткізе отырып 1 минуттық видеомен жасауды ұйымдастыру болатын. Акцияға қатысқан 10 отбасының мүшелерін орталық басшысы
Жангүл Ізғарина алғыс хаттармен марапаттап, бүлодіршіндерге мерекеге орай тәттілер жиынтығын ұсынды



