ОЙЫЛДЫҚ СТУДЕНТТЕР ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТТА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН «WORLDSKILLS AQTOBE – 2026» КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІҢ ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ ЖАС МАМАНДАРДЫҢ БІЛІМІ МЕН ТӘЖІРИБЕСІН ШЫҢДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ АЛАҢҒА АЙНАЛДЫ. ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТТЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ АҚТӨБЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ БАЗАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Ауқымды додаға 400-ден астам қатысушы мен сарапшы қатысып, жарыстар 70 құзыреттілік бойынша өткізілді. Олар IT, инженерлік мамандықтар, құрылыс, сервис, дизайн, педагогика, ауыл шаруашылығы, өндірістік технологиялар және қызмет көрсету салаларын қамтыды. Чемпионаттың ашылу рәсімінде Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева сөз сөйлеп, WorldSkills қозғалысының жас мамандардың кәсіби дамуы мен тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік беретінін атап
өтті. Аталған чемпионатқа Ойыл аудандық кәсіптік колледжінің студенттері де қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. «Ауылшаруашылық машиналарын жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Аян Сұлтан «Үздік маман» номинациясын иеленді.
Оның компатриоты – арнайы пән оқытушысы Нұрдаулет Оралов. Ал, «Мобилография» құзыреттілігі бойынша Қуантқан Аманбекұлы «Үздік маман» номинациясымен марапатталды.
Оның компатриоты – өндірістік оқыту шебері Қанат Кенжеғалиев. Бұл жетістіктер студенттердің кәсіби дайындығының жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, колледж ұжымының сапалы білім мен білікті маман даярлаудағы еңбегінің нәтижесі.



