Білім

Колледждегі студенттер күні қызықты кештің куәсі

Өткен аптада студенттер күніне орай Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы Ойыл аграрлық колледжінің жатақханасында жатқан студенттерді мерекесімен құттықтап, қызықты кеш ұйымдастырды.
Бүгінгі күні студенттер тек білім алып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз үлестерін қосып жүр. Оның ішінде аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылатын қайырымдылық шаралар мен акцияларға, форумдар мен басқосуларға ерекше белсенділікпен қатысады. Жатақханада Ойыл ауданы ауылдарының жастары емес, іргелес аудандардан, тіпті көршілес облыстардан да келіп, білім алып жатқан студенттер бар.
Кеш барысында орталық басшысы Жангүл Ізғарина студенттерді мерекесімен құттықтады. Әртүрлі ойындар ойнатылып, белсенді қатысқан студенттерге бағалы сыйлықтар үлестірілді. Жігіттер жағы кір тасын көтеріп, күш сынасты. Басқа студенттер де шараға белсенді қатысып отырды.

Студенттер жан-жақты екенін танытты. Ән де айтылды, би де биледі. Бар өнерлерін ортаға салды. Жалындап тұрған жастар кеш соңында алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара би кешімен жалғасын тапты. Қызықты студенттік шақтары жылы жатақханада, жақсы ортада болғанына студенттер дән риза.

Жастар ресурстық орталығының маманы

Жумин Нұрсұлтан Нұрланұлы

 

 

Басқа жаңалықтар