Білім

ЗАМАНУИ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ — МЕКТЕП ЖЕТІСТІГІНІҢ КЕПІЛІ

Біздің мектебімізде білім беру сапасын арттыру мақсатында заманауи цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – «Алматыкітап баспасы» ұсынған TopIQ платформасын оқу үдерісіне тиімді енгізу. Мектебіміздің мұғалімдері  отандық платформаны сабақтарында тұрақты қолданып келеді. Интерактивті тапсырмалар, электрондық оқулықтар, аудио және бейнематериалдар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың мазмұнын байыта түсті. Оқушылар тапсырмаларды белсенді орындап, өз білімдерін өздігінен тексеруге және цифрлық дағдыларын дамытуға мүмкіндік алған болатын. Мұғалімдердің цифрлық білім беру бағытындағы еңбектері платформаны ең үздік қолдану бойынша республикалық «Leader TopIQ» байқауында екі жыл қатарынан жеңімпаз атануымен жоғары бағаланды. Осы жүйелі жұмыстың және цифрлық білім беру бағытындағы белсенділіктің нәтижесінде биылғы оқу жылында мектебіміз заманауи цифрлық ресурстармен жабдықталған TopIQ-MobilBox электрондық оқу станциясымен қамтамасыз етілді. Бұл мүмкіндік ауыл мектебінің оқушылары мен мұғалімдері үшін сапалы цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділікті арттырып, оқу үдерісін жаңа деңгейге көтеруге жол ашты.

Мектебімізде алдағы уақытта да цифрлық білім беру мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету және озық тәжірибелерді тарату жұмыстары жалғасын табады. Себебі сапалы білім – жаңашылдыққа ұмтылудан, үздіксіз ізденістен және бірлескен еңбектен басталады.

Тілектесова Аягөз Әсетқызы,

Саға мектеп-балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі.

Related Articles

Back to top button