КӨШБАСШЫ ҰСТАЗ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын тұлға. Өз ісіне адалдықпен қарап, кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіріп жүрген мұғалімдер — білім саласының тірегі.
Осындай ұстаздардың бірі — Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназия директорының бейіндік жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлжазира Тотаева.
Гүлжазира Серікқызы «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» атты жоба аясында барлық кезеңдерден абыроймен өтіп, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың шешімімен Республикалық кадр резервіне қабылданды.
Бұл — ұстаздың білімі мен тәжірибесінің, қажырлы еңбегі мен көшбасшылық қасиетінің нақты бағалануы.
Өз ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын, шәкірт тәрбиесінде жаңашыл әдістерді тиімді қолдана білетін Гүлжазира Серікқызы – әріптестері мен жас мамандарға үлгі, шәкірттеріне шабыт берер тұлға.
Білім саласындағы жаңашыл бастамаларды жүзеге асыруға атсалысып жүрген жерлесіміздің бұл жетістігі – ауданның да абыройын асқақтатқан қуанышты жаңалық.



