ӘлеуметЭкономика

СУАРМАЛЫ ШАБЫНДЫҚ — САПАЛЫ АЗЫҚҚА СЕНІМДІ КЕПІЛ

«Мал азығын дайындау – маңызды науқан». Бұл Кеңестік кезеңнің ұраны. Бірақ, эконмикасының өзегі мал шаруашылығымен тікелей байланысты біздің аудан үшін бұл ұран бүгінде өзекті. Сондықтан, аудан әкімі Асқар Қазыбаев өткен аптада аудандағы шаруашылықтардың мал азығын дайындау барысымен танысты.

Алдымен Көптоғай ауылдық округінде болған аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы ондағы «Шеркеш» шаруа қожалығына барып, қысқы мал азығын дайындау жұмыстарының назар аударды.
Өйткені, мұнда соңғы жылдары шаруашылықтар ден қоя бастаған судан шөбі егілген. Қазіргі таңда шабындықта шөп шабу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаруашылық басшысы Бекжан Асхатұлы биыл судан шөбін егуді қолға алғанын айтып, мамыр айында себілген дән бүгінде кісі бойымен бірдей алқапқа айналғанын айтса, аудан әкімі Көптоғай ауылдық округіндегі жұмыс сапарын «Досым» шаруа қожалығының жұмысымен танысумен жалғастырды. Мұнда да шаруашылық жетекшісі Әлібек Өмірғали екінші жыл қолға алған суармалы шабындықтың жемісі туралы жеткізді.
Сапар барысында шаруа қожалықтарының өндірістік жұмыстары, егістік алқаптарының жай-күйі және мал азығын дайындау науқанының барысы қаралды.

Аудан әкімі шаруашылықтағы жұмыстардың қарқынына оң бағасын беріп, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, еңбек өнімділігін арттыру және қысқы кезеңге қажетті жемшөп қорын уақытылы әрі сапалы дайындаудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені, қысқы мал азығын молынан дайындау – мал шаруашылығын дамытудағы маңызды міндеттердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде тұрақты бақылауда екенін жеткізді.
Сондай-ақ, аудан әкімі жұмыс сапарымен Сарбие, Қараой ауылдық округтеріне барды. Алдымен Қараой округіндегі «Теңдік», «Кете» шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Одан әрі өрт сөндіру бекетімен, балалар ойын алаңы және ветеринария бөлімшесінің жай күйін қарады. Сонымен қатар Сарбие ауылдық округіндегі ауыз су резервуарының жұмысымен танысты.
Аудан әкімі негізінен суармалы алқаптарға ден қойса, ал, ауданда құрылған жұмысшы топ Берсиев атындағы және Саралжын ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, қысқы мал азығын дайындау науқанының барысымен танысты. Шаруашылықтардың қысқы мал азығын дайындау деңгейі, техникамен қамтамасыз етілуі және науқанның ұйымдастырылу барысы қаралды.
Сонымен қатар жем-шөп дайындау жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуы, шабындықтарды тиімді пайдалану және еңбек, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сапар аясында Саралжын ауылдық округіндегі «Спарта» шаруа қожалығының жұмысымен де танысты. Аталған шаруашылықта қауын-қарбыз, қызанақ және қияр өсірілуде. Бүгінде бау-бақша өнімдері күтіп-бапталып, өнімді жинау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Қазіргі таңда шаруашылықта 10 адам жұмыспен қамтылған. Мұнда суару, күтіп-баптау және өнім жинау жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып, тұрғындарды сапалы көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз ету бағытында еңбек етілуде.
Жұмыс сапарының қорытындысында аудан әкімінің орынбасары тиісті мемлекеттік мекемелер басшылары мен округ әкімдеріне қысқы мал азығын дайындау жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін ұлғайту туралы тапсырмалар берілді.

Related Articles

Back to top button