Референдум
Референдумның тағы бір маңызды қыры – ол демократиялық құндылықтарды дамытады.

Халықтың тікелей қатысуы арқылы қабылданған шешімдер қоғамда әділдік пен заңдылық қағидаларын нығайтады. Азаматтар өз дауысының маңызды екенін сезініп, ел тағдырына бейжай қарамайды.
Қорыта айтқанда, референдум – тек саяси шешім қабылдау құралы ғана емес, сонымен қатар халықтың бірлігін нығайтатын маңызды механизм. Ол азаматтардың белсенділігін арттырып, қоғамда өзара түсіністік пен сенімді қалыптастырады. Сондықтан референдум өткізу – елдің демократиялық дамуына және халық бірлігінің күшеюіне үлкен үлес қосатын маңызды қадам.
Ойылханова Балайым
Бастауыш сынып мұғалімі


