ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ КЕМШІЛІКТЕР МЕН ҚАТЕЛІКТЕРДІ САРАЛАДЫ

5 шілдеден 4 тамыз аралығында ауданда жергілікті бюджетті жоспарлау мен атқару, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізілген болатын. Осы орайда өткен сәрсенбі күні аудан әкімдігінде Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы аудит нәтижелерімен бөлісу үшін дөңгелек үстел өтті. Аудиторлық іс-шара нәтижелерін талқылаған отырысқа комиссия мүшелері, мекеме басшылары және аудандағы мемлекеттік мекемелердің есепшілері қатысты.
Облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Г.Тұрмағамбетова «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аудит объектілеріне қатысты және басқа да заңнама нормаларын түсіндірсе, дөңгелек үстелдің модераторы, аудит тобының жетекшісі А.Төлебаев заңнамадағы енгізілген өзгерістер мәселелерін, аудит объектілері тарапынан жиі жіберілетін негізгі қателіктерге тоқталып өтті. Сұрақ-жауап форматында өткен отырыс қаржылық пен басқа да бұзушылық түрлері, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңға өзгерістер енгізуге байланысты жаңалықтарға да ерекше назар аударылды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілікті жасауында жол берілген бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақтылы өткізу мәселелері талқыланып, мемлекеттік мекемелердегі кадр тапшылығы мәселелері және оларды шешу жолдары айтылды. Сонымен қатар, бірқатар саладағы кемшіліктер айтылды. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары және заң талаптарына қайшы әрекеттер туралы баяндама жасалып, ескере кететін жәйттер сараланды.
Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар