ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУЫ

Кейде заң шығару процесі қарапайым азаматтан алыс сияқты көрінеді. Бірақ шын мәнінде қабылданған әрбір заң күнделікті өмірімізге әсер етеді.
Балалардың білімі, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік саясат, өңірлердің дамуы – мұның бәрі заңнамамен байланысты.
Сондықтан 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы ерекше маңызға ие. Себебі азаматтар дәл осы күні заң қабылдайтын жоғары өкілді органның құрамын анықтауға қатысады.
Әркімнің көзқарасы әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ бәрімізге ортақ нәрсе – елдің тұрақты дамуы.
Сондықтан өз таңдауыңа жауапкершілікпен қарау – болашаққа деген құрметтің белгісі.
Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы – ашықтықтың, жауапкершіліктің және азаматтық белсенділіктің көрінісі. Әрбір дауыс маңызды, өйткені ол халықтың еркін білдіреді және әділетті қоғам құруға ықпал етеді.
Еліміздің болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы қажет. Себебі мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдердің қабылдануына әр азаматтың дауысы әсер етеді. Белсенді азаматтық ұстаным – қуатты мемлекет пен тұрақты қоғамның негізі
Мейрамбек Музамелұлы,
Жастар ресурстық орталығының маманы.



