Жаңалықтар

Қайыңдыда төрт жаңа пәтер

Жыл басынан бері Қайыңды ауылында жаңа төрт пәтер пайдалануға берілді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде «Отбасы банкі» арқылы қаржыландырылған жаңа тұрғын үйлердің екеуіне мүмкіндігі шектеулі азаматтардың отбасы орналасса, екеуі тұрғын үйлері апаттық жағдайдағы отбасы мүшелеріне берілді.
Төртінші пәтердің кілтін ауылдық округ әкімі Дәурен Бисебаев өткен жексенбі күні табыстады.
Бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Жаңа баспананың кілтіне ие болған отбасылардың қуанышына ортақтасып, оларға шаңырақтарына құт-береке, бақ-дәулет және баянды бақыт тілеген әкім ауылдың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығын жеткізді. Өйткені, ауылда биыл да тағы төрт жаңа пәтер салынып жатыр.

Back to top button