Жаңалықтар
Ақпараттық-түсіндіру тобы тұрғындармен кездесті

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Ойыл ауданына қарасты Кемер, Көсембай, Қаратал, Ойыл, Құмжарған ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуде Конституцияның мәні мен маңызын түсіндіруге басымдылық берілді. Топ мүшелері Ата Заңның баптарына тоқтала отырып, тұрғындармен жан-жақты талқылады.
Сонымен бірге, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен заңдарды құрметтеу мәселелері көтерілді, мемлекеттік бағдарламалардың өңірде іске асырылуы жөнінде сөз қозғалды.
Ақпараттық топтың құрамына еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері енді.
Топ өкілдерінің айтуынша, бұл бағыттағы ақпараттық-түсіндіру шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.



