Құрылтай сайлауы – ел болашағына жасалған таңдау

23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Сондықтан аталған науқанға жай ғана «тағы бір сайлау» деп қарауға болмайды.
Құрылтай – елдің заң шығару билігінің жаңа үлгісін қалыптастыратын маңызды институт. Осыған байланысты 23 тамыздағы сайлау әр азаматтың ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіруіне мүмкіндік береді. Қазіргі таңда сайлауға жеті саяси партия қатысып, Құрылтайдағы 145 депутаттық мандат үшін өз кандидаттарын ұсынды.
Сайлау дегеніміз – тек дауыс беру күні ғана емес, ең алдымен азаматтың өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы. Сайлаушы партиялардың бағдарламаларына, кандидаттардың ұстанымдарына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты көзқарастарына назар аударуы қажет. Себебі бүгінгі таңдау – ертеңгі шешімдерге әсер ететін маңызды қадам.
Нұрсұлтан Жумин,
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы басшысы.



