Әлеумет

Есепшілерге арналған семинар

Өткен дүйсенбіде «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс орталығында» Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өтті. Семинарға ауданның ауылдық округ әкімдіктері, мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының есепшілері қатысты.

Аудан бойынша мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға жылжымайтын мүліктерді есепке алу, тіркеу, оларды аудандық коммуналдық меншікке қабылдау және балансына бекітіп беру, сатып алынған мүліктерді балансқа бекіту, баланстан балансқа беру, бағалату, есептен шығару, жалға беру, жекешелендіру және сенімгерлік басқаруға беру тақырыбында өткен семинар-кеңесте Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан «Премьер оценка» ЖШС директоры Едіге Габдрахманов арнайы келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге, семинар-кеңеске аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Серікбай Шабиков пен аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Қайнар Ұлықпанов қатынасты. Семинар-кеңесте берілген сұрақтарға толықтай және түсінікті жауаптар қайтарылды. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 148 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ойыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 7 «Ойыл аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді ауылдық округ әкімдерінің басқаруына беру туралы» қаулысы негізінде аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер ауыл әкімдерінің басқаруына берілді.

Б.ӘДІЛХАНОВ,

Ойыл аудандық қаржы бөлімінің басшысы. 

Басқа жаңалықтар