ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ӨЗЕН ЖАҒАСЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ — ӨЗІМІЗ ҮШІН КЕРЕК!

Мемлекет басшысының тапсырмасымен бес аптаға созылған Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ойыл ауданында да мәресіне таяды. Әр аптаның атауына сәйкес «Таза өлке» атты алғашқы аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазаласа, «Киелі мекен» аптасы тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналды.
«Жасыл аймақ» деген атау берілген үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді.
«Өнегелі ұрпақ» атты акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Мөлдір бұлақ» атты акцияның қорытынды аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылды.
Акцияға Ойыл ауданының жұртшылығы да өз үлестерін қосып, тазалық жұмыстарына белсене атсалысты. Ойыл өзенінің аңғарын тазалаған мекеме қызметкерлері табиғатқа жанашыр болу бәрімізге міндет деп, су жағасындағы «демалыстың» салдарынан жиналған қоқыстарды жинап, арнаулы орындарға төкті.

Басқа жаңалықтар