Сайлау

Әділет Мисин: Әр азамат өз үлесін қосуы керек

Балауса тұрғын алабындағы №46 орта мектептің базасындағы №524 сайлау учаскесіне дзюдодан Қазақстан чемпионы Әділет Мисин Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, таңдау жасады. Республикалық жарыстарда Ақтөбе облысының намысын қорғап жүрген спортшы ел өміріндегі маңызды шарадан тыс қалмай, азаматтық ұстанымын білдірді.

-Сайлауға қатысу — әр азаматтың жауапкершілігі деп есептеймін. Спорттағы нәтиже адамның дайындығына, мінезіне және қажетті сәтте дұрыс шешім қабылдай білуіне байланысты. Қоғам өмірінде де осы қасиеттердің маңызы зор.
Құрылтай сайлауы — еліміз үшін өте маңызды оқиға. Біз елдің дамуына әсер ететін шешім қабылдайтын тұлғаларды таңдаймыз. Сондықтан әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек.
Жаңа Құрылтай депутаттары халықтың ұсынысы мен мәселесіне назар аударып, өңірлердің жағдайын жақсартуға үлес қосады деп сенемін. Елдің жарқын болашағы — баршаға ортақ мүдде, — деді Әділет Мисин.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Related Articles

Back to top button