Жаңалықтар

Ақтөбеде жастар сайлауалды үгіт материалдарын жинауға кірісті

Ақтөбе облысында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері сайлауалды үгіт-насихат науқаны аяқталғаннан кейін өңір аумағындағы үгіт материалдарын жинау жұмыстарын бастады. Бұл бастама «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Акция барысында еріктілер облыс аумағындағы 334 рұқсат етілген орынға, сондай-ақ шағын және ірі сауда нысандарында орналастырылған үгіт-насихат материалдарын жинастыруда. Тазалық шарасына 300-ден астам жас тартылды. Олар үгіт материалдарын жинап қана қоймай, қоғамдық орындардың тазалығына өз үлестерін қосуда.

Біздің негізгі мақсатымыз — қала мен елді мекендердің тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды ретке келтіру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Мұндай бастамалар жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар өңірдің тазалығы мен көркеюіне бағытталған игі бастамалардың жалғасы— деді партияның «Жастар Рухы» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы Әлішер Тыныштық.  

Ақтөбелік жастар алдағы уақытта да экологиялық және қоғамдық маңызы бар шараларға белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қоса бермек.

Меңтай БЕКТҰРСЫНОВА.

Related Articles

Back to top button