ӘМІРБЕК РАХИМОВ — КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА

Кеше Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Ата – бабамыздан жеткен ұлттық спорт түрлерін дәріптеп, салт – дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын дүбірлі додаға әлемнің түпкір – түпкірінен келген үздік спортшылар қатысып, өзара мықты спортшыларды анықтайды.
Осы айтулы додада Қазақстанның көк туын көтеріп, ел намысын қорғауға Ақтөбе облысының спортшысы, жерлесіміз, Әмірбек Әлиханұлы аттанды.
Әмірбек Әлиханұлы қазақ күресінен Қазақстан құрамасының сапында ел намысын қорғайтын болады.
Бұл тек спорттық жарыс емес, ұлттық күресімізді әлемге танытатын үлкен мүмкіндік. Ақтөбе облысының намысын арқалаған жас балуанға сәттілік, жігер және жеңіс тілейміз!
Ақтөбе балуаны, ел үміті – Әмірбек Әлиханұлына сәттілік тілейміз!



