ҮЛКЕН ЖЕҢІСТЕРГЕ БАСТАҒАН ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ

Өткен сенбі күні Ойыл селосындағы Б. Бақаев көшесінде орналасқан футбол алаңында мекемелер арасында аудан әкімінің жүлдесіне арналған аудандық футбол турнирі өтті. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі А. Қазыбаев спортшыларға сәттілік тілеп, тартысты әрі тартымды ойын болуына тілектестік білдірді.
Турнирге ауданның 10 мекемесінен команда қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысты өткен ойындар нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі;
ІІ орын – Ойыл газ шаруашылығы мекемесі;
ІІІ орын – Ойыл аудандық орталық ауруханасы.
Сонымен қатар турнирдің үздік ойыншылары арнайы аталымдармен марапатталды.Ұйымдастырушылардың ұйғарымымен Мағжан Беков турнирдің «Үздік ойыншысы» атанса, Досымжан Қабдуахитов «Үздік шабуылшы», Шоқан Тілеумағамбетов «Үздік қорғаушы», Саламат Тайғожиев «Үздік қақпашы» атанды.



