Білім

Математиктер олимпиадасы ұстазға құрметпен ұштасты

Өткен жұмада Қараой мектеп-балабақшасында Ғабит Сұлтановты еске алу мақсатында 7-8 сынып оқушылары арасында математика пәнінен аудандық олимпиада өткен болатын. Бұл олимпиадаға аудан бойынша 15 мектептен 33 бала қатынасты. Алдымен ашылу салтанатында Қараой ауылдық округінің бас маманы Айбек Сұлтанов және сол мектепте көп жылдар бойы математика пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп, Ғабит Сұлтановпен бірге әріптес болған әрі жеңгесі Балияш Имағанбетова қысқаша өмірбаянына тоқталып, жас математиктерге сәттілік тіледі.

Қонақтар мен мектеп оқушылары аз да болса, жарысты бастамас бұрын ұстаздың өмірінен біраз мағұлматтар алды. Әрине бар өмірін білім саласына арнап, алтын уақытын шәкіртіне арнаған ұстаз туралы бейнебаян да ешкімді бейжай қалдырмады.

Әрмен қарай, олимпиадаға қатысушы оқушыларға қойын дәптер мен бірге қаламсаптар таратылып олимпиада өтетін аудиторияларға орналастырса, ал ардагер ұстаздармен ауыл үлкендеріне «Жарқын бейне», «Қызық екен» атты бағдарламасымен жалғасты. Жалпы осы тұста айта кететін болсақ, «Жарқын бейне» атты дөңгелек үстелде Ғабит Сұлтанов туралы көптеген әңгімелер айтылды. Ол кісінің  жұмысқа, шәкірттеріне және отбасына деген жауапкершілігі тым бөлек екенінің көз көрген кісілер жастарға үлгі қылып айта отырды. Расымен де, «Жақсының жақсысын айт, нұры тасысын» дегендей ол кісінің әріптестеріне әрдайым қолынан келсе көмектескісі келіп тұратын ақ жүрек, кеңпейілділілігін әріптестері мақтанышпен айта кетті. Халық айтса, қалт айтпайды,  «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» деген рас. Міне сол талапты шәкірттері мамандық саласында өз орындарын тауып, математиканың негізін қалаған Ғабит Сұлтановтың ізінен ергендері көрініп-ақ тұр. Жалпы өмірде көптеген мақтау грамоталарымен марапатталған енен. Сол жетістіктерінің бірі, 2008 жылы  Білім және Ғылым министрі Ж.Х.Түймебаевтың «Құрмет грамотасын» иеленген екен. 33 жыл  Қараой мектеп-балабақшасында еңбек еткен Ғабит Сұлтановтың отбасылық өмірі туралы 35 жыл отасқан жұбайы Ботакөз апайымыз ең алдымен бүгінгі олимпиаданы ұйымдастырып жатқан Қараой мекетеп ұжымына алғысын айтып, ескі шақтағы естеліктерге тоқтала  өтті. Сөз соңында «Аллаға шүкір, балаларым ешқашан мені жерге қаратпай барлығыда қалаған мамандықтарының иесі атанып, қазіргі таңда жұмыстарының жеміс көрсетуде. 3 ұлым үйдің тірегі болса, 2 қызым жанашырым, ал келінім үнемі жағдайымды жасайтын қолғабысым. Немерелерім алданышым. Бірақ кейде Ғабиттің жоқтығы еске түскенде көңілім босап қалатыны рас» — дейді.

Міне бір сағат көлеміне созылған бағдарламада қалай аяғына жеткенін байқамай қалдық. Расымен де, жарық еткен жұлдыздың жарқын бейнесі жадымызда сақталатыны анық. Әрмен қарай қонақтардың «Қызық екен» шарасы біраз көңілдерін көтерді. Осы аралықта оқушылардың да, екі туры аяқталып, орындалған тапсырмаларын арнайы тағайындалған комиссия мүшелері қадағалады. Осылайша математика саласындағы жүйріктерді анықтайтын уақытта жетті. Жалпы олимпиада ойынындағы есептерге тоқтала кетсек, бірінші турдағы есептер сандардың бөлінгіштігі, бөліктерге арналған мәндік есептер, дәлелдеу, сандарды табуға ребустер, теңсіздік геометриялық есептер болса, келесі турда тек тест тапсырмалары болды. Осы екі турдан сүрінбей өткен оқушыларды марапаттау үшін ортаға Ойыл аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлбану Айдарбаева және ардагер ұстаз Балияш Имағанбетова табыстады. 7-ші сынып бойынша 3-ші орынмен Тайсойған негізгі мектебі, Құрман орта мекетебі, 2-ші орынмен, Қараой мектеп балабақшасы, 1-ші орынмен, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы марапатталды.  Ал 8-ші сынып оқушылардың жүлделеріне келетін болсақ, 3-ші орынды Соркөл орта мектебі және Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебі алса, 2-ші орынды Құрман орта мектебі иеленсе, 1-ші орынды Қараой мектеп балабақшасы қанжығасына байлады. Жарысқа қатысқан марапатталған оқушыларға Ғабит Сұлтановтың суреті бейнеленген төс белгілермен бірге, әртүрлі ақын жазушылардың кітаптарын табыс етті. Жарыс соңында Қараой ауылдық әкімдігі білім ордасы сый-сияпат жасады. Ауыл мектебінің 1975 жылғы туған түлектері гүл қоятын тақтайшалар тарту етсе, Ойыл аудандық білім бөлімі, естелік сыйлықтарын Қараой мектеп балабақшасының мектеп директорының міндетін атқарушы Абзал Майқановқа игі тілектері мен бірге табыстады.

Өміргүл ТЕМІРХАН.

Басқа жаңалықтар