Әлеумет

Ноутбук сыйға тартылды

Жуырда «Алғыс айту» күніне орай атаулы мерекемен бірге көктемнің алғашқы күнімен дөп келген қасиетті жұмада ауданның атымтай жомарт жігіттері Алланың үйі саналатын аудандық мешітке ноутбук сыйға тартты. Бұған дейін де жұма намаздан қалмай, Алланың үйіне жиі бас сұғып жүрген ағаларымыз мешітке жаңа компьютер қажет екендігін біліп жүрген-ді. Өйткені аудандық мешіттің имамы Нұрсұлтан Серікұлы діни мерекелер кездерінде үнпарақтар таратуға, интернет арқылы байланыс жасауға бір жаңа ноутбуктің керектігін ағаларына құлаққағыс етсе керек. Міне бүгін Құдай жолында құлшылық етіп жүрген жайсаң да, жомарт ағалар айтулы мерекені пайдалана отырып жаста болса елді тыныштыққа, татулыққа, ауызбіршілікте ұйытып отырған Нұрсұлтанға жаңа ноутбукті арнайы табыстады. Дінімізде «ең үстем садақа айтылмай берілген садақа» демекші, атымтай ағаларымыз аты жөндерін атап көрсетпеуді сұрады. Сондықтан бізде осындай ағаларымызға аппақ алғысымызды білдіреміз.

Басқа жаңалықтар