ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛІП ЖАТЫР

Өткен жұма аудан әкімі Асқар Қазыбаев Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің орталығы Қаратал және Құмжарған және Ойыл ауылдық округіне қарасты Екпетал елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. Елді мекен тұрғындарымен кездесулерде аудан басшысы ауданның атқарылған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жан-жақты мәлімет берді.
Биыл «Құмжарған ауылына кіреберіс» автокөлік жолын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 86,2 млн. теңге бөлінді.
Кеше кездесу Қайыңды, Көсембай, Саралжын ауылдық округінің Қоңырат ауылдарында жалғасты. Тұрғындардың көтеріп жүрген мәселелері кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Қайыңды ауылдық округі тұрғындардың жылдың кез-келген мезгілінде алға тартатын мәселесі жолдың жайы. Сонымен қатар биыл А.Иманов көшесіне 69,5 млн. теңгеге асфальт төселеді. Кездесуде тұрғындар негізінен ауылдың ортақ әлеуметтік мәселелерін көтереді. Соның бірі — соңғы жылдары Қайыңды ауылдық округінің тұрғындары ауылға жедел жәрдем көлігінің қажеттігін айтқан еді.
Кешегі кездесуде жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін ресми түрде табыстады. Ойыл аудандық аурухана бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев «Алыс шалғайдағы ауылдар жаңа жедел жәрдем автокөліктермен қамтамасыз етілуде.
Бұл жағдайға үкіметтің үлкен қолдау жасағанын, ауыл тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан басты назарда» — екенін айрықша атап өтті.
Жиын соңында шаруа қожалықтарға мемлекеттен берілетін қолдаулар мен пайызы төмен несиелерді тиімді пайдалану керектігін баяндап, ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмысын жақсарту мақсатында бастау алған «Ауыл аманаты» жобасының бағыттарын, қатысу шарттарын толық түсіндіріп өтті.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Басқа жаңалықтар