Сабырды серік еткендерге сый

«Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жиеналин, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Иманғалиев мүмкіндігі шектеулі нәзік жандылар мен көп балалы жалғызбасты аналарды 8 наурыз- халықаралы әйелдер күні мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлықтар тарту етті.
Мүмкіндігім шектеулі екен деп мойымай қоғамның бір мүшесі ретінде шаруасын шыр айналдырып отырған арулардың, тағдырдың жалғыздығынан тарықпай шаңырағының түтінін түтетіп, ұл- қызын мәпелеп өсіріп отырған аналардың қажыр-қарекетіне бас имесе болмайды… «Әйел зады — қырық шырақты» — деген осы!
Осынау нәзік мерекенің басты кейіпкерлері жандарына шүкірлікті, тағдырына сабырды серік етіп отырғандықтарын айта келіп, ел тыныштығы мен тұрақтылығын, ұрпағының баянды болашағын тілеп, шаңырақтарына бас сұққан азаматтарға алғыстарын жаудырды.