Әлеумет

АТА ЗАҢ — АСЫЛ МҰРАТТАР БАСТАУЫ

Аудандық мәдениет үйінде 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған “Ата Заң - асыл мұраттар бастауы” атты салтанатты шара өтті.

Қазақстан Республикасының Гимнінен бастау алған шарада аудан әкімі Асқар Қазыбаев аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады. Конституцияның елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы маңызы зор екеніне назар аударды.
Аудан аумағында заңдылықты сақтап, қызметтік міндеттерді орындауда көрсеткен жоғары біліктілігі үшін аудандық прокуратурасының прокуроры Сәбит Менгдібаев, полиция бөлімі тылмен қамтамасыз ету тобының көлік жүргізушісі, полиция сержанты Азамат Базарбаев, аудан көлемінде табиғи және техногендік сипаттағы әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдағы қажырлы еңбегі үшін аудандық төтенше жағдай бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Азамат Тарыбай, 18 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші қызметкері, азаматтық қорғау аға сержанты Қанат Жұмағалиев, ауданда қорғаныс істері саласындағы қажырлы еңбегі үшін аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің жүргізушісі Берікқали Тлепбергенов, білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбие берудегі еңбегі үшін Құрман орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Бақсиық Сатығалиев аудан басшысы Асқар Қайырғалиұлының А-лғыс хатымен марапатталса, “Қазақстан патриоты” төсбелгісімен аудандық полиция бөлімі Көптоғай учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Дастан Бисебаев наградталды.
Марапат жалғасқан сәтте жас мемлекеттік қызметші Қараой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әлия Сүйеубергенова Еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға ант беріп, кәсіби міндеттерін адал атқару жауапкершілігін қабылдады.
Азаттығымыздың айқын айғағындай айтулы күнге арналған шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.
Г.АБАЙҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар