ӘлеуметБасты тақырып

Жастар Көптоғайда бас қосты

Өткен аптаның жұма күні аудан әкімі Дастан Жарылғасынұлы мен аудан жастары Көптоғай ауылдық округінде өткен жастар форумына барды. Бұл басқосудың арқауы - Тұңғыш Президентіміз жариялаған «Жастар жылы». Бұл бастама жастардың ойында жүрген игі істерін жүзеге асыруға, осы уақытқа дейін көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында ойында жүрген жобаларды өмірде жүзеге асырып жүрген жандардың жұмысымен таныстырып, олардың жасаған батыл қадамдарын жастар назарына ұсыну болатын.

Аудан әкімінің қатысуымен өткен бұл шарада Көптоғай ауылдық округінде өз ісін дөңгелетіп отырған бірнеше жаспен кездесіп, олармен ашық әңгіме құрылды. Солардың бірі «Бақытты бала» жобасы аясында грант ұтып алып ауыл балаларының жүзіне қуаныш сыйлап отырған Мерей Елмұратқызы. Ол осы жұмысының арқасында тек балаларды қуантып қана қоймай, олардың уақытты тиімді пайдаланып, бөгде істерге әуестенбеуінеде үлкен ықпал етіп отыр. Сол ісінің арқасында ауыл тұрғындарының да алғысына бөленіп, батасына ие болуда. Аудан әкімі Мерейдің жұмысымен таныса келе өзгеде аудан жастарына осындай пайдалы дүниелерді ауыл балаларына арнап жолға қоюды ұсынды. Осы бағдарлама аясында өз ісін қолға алғандардың бірі Гүлім Нығметова. Ол ауыл тұрғындарына шаш қию, бет әрлеу, тырнаққа жасалатын күтім мен түрлі қызметтер ұсынатын әсемдік салон ашқан. Бұл шын мәнінде де ауыл тұрғындарына қажет қызмет болып табылады. Сонымен қатар Салтанат Қабиева талғамының жоғарылығы, ой жүріктігінің нәтижесінде анасымен бірлесе отырып тігіп шыққан түрлі киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Ослайша алдағы уақытта кәсібін одан әрі жандандырмақ. Осы орайда ауыл кітапханасында 33 жыл қызмет атқарған Бибігүл Шындәулетова «Ұлы дала елінің болашағы жастар» атты фото көрмесімен де таныс болдық. Бұл көрменің ерекшелігі бұнда осы ауылдан түлеп ұшып, еліне елеулі халқына қалаулы болып жүрген азамат, азаматшалардың бағындарғын белестері мен қазіргі қызметтері баяндалған. «Көптоғай ауылынан шыққан жандарды жастардың назарына ұсынған себебім, жастар осыларға қарап бой түзесін, алға айқын мақсат қойылса оған жетер жолда болатынын санасына сіңірту» — деді. Бұл форумда тек ауыл кітапханасының ғана емес сонымен қатар ауданның барлық ауылдарынан дерлік қолдарынан өнер тамған жас буындар өз қолдарымен жасаған көркем дүниелерін көптің назарына ұсынды. Бірі құрақ құраса, бірі ақылды технологияларымен тамсандырды. Бұл форум өз ісін жүргізіп, мемлекеттік қолдауға ие болып отырған жастардың ортаға салар дүниелерімен жалғасын тапты. Осы жылы 75 жас «Бастау-бизнес» жобасы аясында білім алып жатыр. Оның 25-і аяқтап сертификатқа ие болса, қазіргі таңда тағы 25 жас білім жатыр. Бұл қолдау жастардың тың жобаларына жан бітіруге үлкен септігін тигізуде. Осы басқосудың аясында бұрын соңды қолға алынбаған жұмыстар талқыланды. Бұл жастардың ойы терең, қиялы ұшқыр екендігінің тағы бір дәлелі болып отыр. Осы орайда қаншама игі істердің басы ашылып, көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап табылды. Бұл бас қосуға тек аудан әкімі ғана емес сонымен қатар жастарға қолдау көрсетіп отырған ауданның мемлкеттік қызметкерлері де қатысты. Бастама ағаш отырғызу үрдісімен жалғасын тапты. Аудан жастары саябаққа тал отырғызып осы тал секілді, көктеп мәуелі ағашқа айналуға уәде берді.

Басқа жаңалықтар