Денсаулық

Мейірімді жандардың мерекелік тартуы

Өткен аптада «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы орталық саябақта 12 мамыр «Мейірбикелер» күніне орай аудандық аурухананың ұйымдастыруымен «Мейірбикелер – аурулардың алдын алуын қолдайды» ұранымен село тұрғындарының қан қысымын өлшеу, қандағы қант мөлшерін және дене салмағының индексін анықтау акциясы өтті.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғарғы технологиялық жүйесін дамытуды атап өтсе, акция соның бір көрінісі болды. Өйткені тұрғындар аудандық аурухананың жас мамандары ұсынған концерттік бағдарламасын тамашалай отырып, бой, салмақ, қан қысымдарын өлшетті. Мінекей мереке қарсаңындағы мейірімді мейірбикелердің мерекелік тартуы саябақ ішін шалқыған ән мен ақ халаттылардың шуақты үніне толтырды.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар