Білім
Апта сайынғы Әз наурызға әр мекеме ат салысуда…
Бес күндік мерекенің соңғы күні — Ойылдағы «Даңқ» саябағының алдында Құрманов, Екібаев көшелерінің наурыз тойы өтті. Ойыл аграрлық колледжі мен Ойыл балалар мен жасөспірімдер мектебінің ұйымдастыруымен колледж ауласының алдында киіз үй тігіліп, наурыз көже дайындалып, тұрғындарға ұсынылды.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан білім мен спорт ордасының ұжымы, қос көше тұрғындары Наурыз тойын ойдағыдай өткізуге атсалысты. Мерекелік концерт болды. Ұлттық дәстүріміздегі жаңа туған сәбиге ат қою рәсімін өткізіп, оның баланың болашағына, өміріне септігі туралы насихатталды. Спорттық ойындарға ау- райы айтарлықтай кедергі болды. Бірақ көпшілік саябақ ауласында өткен қол күресті тамашалады. Наурыз тойы баршаға ортақ болғаннан соң тек аталған көшелердің тұрғындары ғана емес өзге көшелердің тұрғындары да қатысты. Тапалов көшесінің тұрғыны Дәурен Қалниязов қол күрестің жеңімпазы атанып, мақтау қағазына ие болды. Бұл күні көше тұрғындарының үйдегі үлкен ата-әжелерінен бастап бала-келіні, қыз-күйеу балалары, немере-жиендеріне дейін қатысқан жанұялар болды. Олар үй-ішімен концерттік бағдарламаларға белсене қатысып, ән салды, би биледі. Ұлттық құндылықтарды сахналады. Омаровтар, Төлебаевтар, Жұмбергеновтер және Баймұратовтар ұйымдастырушылар атынан «Белсенді отбасылар» номинациясымен марапатталды. Мерекеге жиналған селоның үлкендері киіз үйдегі арнайы дайындалған мерекелік дастарханнан дәм татты.