Әкімдік
Адалдық алаңы аясында
Мемлекетіміз қарыштап дамыған сайын сыбайлас жемқорлық та қалыспай жаңа сипатта көрініс тауып, жең ішінен жалғасып келеді. Бұл тұрғыда аталған індетпен күресуде елімізде жыл сайын жаңа жүйелер мен түрлі тәжірибелер енгізілуде. Соның бірі «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі.
Жобалық кеңсенің ұйытқы болуымен аудан бойынша қоғам назарын адалдық пен парасаттылыққа бағдарлау мақсатындағы дәріс тобы құрылып, өз жұмысын бастады. Дәріс тобының құрамындағы аудандық мәслихат хатшысы Еркін Жиеналин, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бекболат Иманғалиев Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарын адалдық пен парасаттылыққа шақыруға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.