Әлеумет

«Қарттарым асыл-қазынам»

Бүгін «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы мәдениет және демалыс орталығында  дария ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге арналып  «Қарттарым асыл-қазынам» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Айтулы шара ауданымызға үлгілі, өнегелі «Әсем» би ансамбілі тарту еткен «» биімен ашылды. Мерекелік дастархан басында қарттарға шексіз құрмет көрсетілді. Алғаш болып құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Асқар Қазыбаев қарттарымызға дендеріне саулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр тілеп, «біздің ашық аспан астында бейбітшілікте тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыз осы дана қарияларымыздың арқасында» деп ой түйіндеді. Мерекелік дастархан әрі қарай қарттарымыздың жылы лебіз, ақ тілектерімен жалғасты.Ғұсман Жүмбергенов, Қазбек Нұрымгереев келешек ұрпаққа, бүлдіршіндерімізге тек жақсылық, бейбіт ғұмыр кешуді тілесе, ақ жаулықты әжеміз Шайзада Қлипанова қарттарға құрмет көрсетіп, ел үшін абыройлы еңбек етіп жатқан жергілікті билік өкілдеріне шексіз алғысын айтты. Әрі қарай әр үстел басына жайғасқан көнекөз қарттарымыз «Келешек  ұрпақтарымыз дендері сау,еш қиыншылық көрмей тату-тәтті өмір сүрсін, біздің жолымызды қусын», — деп керемет тілектерін жолдады. Ал, қарттарымызға арнап ауданымыздың өнерпаздары  мерекелік дастарханды әсем әнмен әрлеп, мың бұралған бишілеріміз өз өнерлерін тарту етті. Аудандық «Серілер» тобы мен «Өлке сазы» ансамблі қоңыр үнді домбырамен қарттарымыздың өз заманындағы ескі әндерін қосыла шырқап қам көңілдерін бір сергіте қуантып тастады. Шара соңында барлық қарттарымызға аудан әкімдігі атынан мерекелік сыйлықтар таратылды.

Әсел СИСЕНОВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар