ӘлеуметБасты тақырып
«Бұлақ көрдік, көзін аштық!»
«Ойылдың» тағдыры сол жерде кіндік қаны тамған барлық азаматты ойландырып отыр. Ойылдың ор-тайып, арнасының аңқасы кеуіп қалға-нының басты себебі — жауын-шашын мөлшерінің азаюы. Соңғы үш жыл мүлдем қыс болмады десе де болады. Кез-келген өзеннің негізінен қар суымен толығатыны түсінікті. Маман-дардың айтуынша, бұлақтардың жаз-ғы үлесі мардымсыз. Бірақ, «Теңіз — тамшыдан құралады» — деген қағидаға сүйенсек, жер астынан бүлкілдеп жатқан бұлақтардың суы жазда ағысы баяулайтын өзеннің суының бұзыл-мауына септігін тигізсе керек. Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Аслан Кенжебаев бастаған бір топ мекеме басшылары бірігіп ауыл іргесіндегі Көзді өзенінің бойындағы алты бұлақтың көзін аштық.
Алдағы уақытта көнекөз қария-лардың сөздеріне сүйене отырып төңіректегі бұлақ көздерін зерттеп, ашу, төңірегін тазалау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.