ӘкімдікБасты тақырып

«Nur Otan» партиясы – жаңа міндеттерге жол

Бүгін ауданға іссапармен «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов келді. Сапары барысында аудан активімен кездесті.

Кездесуде аудан әкімі Асқар Қазыбаев билеуші партияның өкіліне ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігін баяндап, алда тұрған міндеттерді жеткізді. Сөз кезегі келгенде Ербол Жеткергенұлы «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Сәкен Займолдинді таныстырды. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының соңғы жылдарғы жұмысына шынайы ризашылығын білдірген ол, Сәкен Ғазизұлының осы кезге дейін атқарған қызметін жоғары бағалап, партияның артқан үмітін ақтайтынына сенім білдірді. Партияның беделін және әлеуметтің әл-ауқатын арттыру бағытындағы міндеттерді жеткізді. Өйткені, партия басшылығы ел қазынасынан жұмсалатын қаражаттың қозғалысын бақылауды қолға алғалы отыр. Сондықтан, ауданда атқарылатын бес жылдық жоспарды айқындауды және партияның 6 бағдарламасының аясында атқарылатын жұмыстарды саралауды тапсырды.
Өз кезегінде Сәкен Ғазизұлы партия басшылығының алға қойған міндеттерін ауданда бұқараның мүддесімен ұштастыра отырып, ел игілігін үшін іргелі істерге ұйытқы болатынын жеткізсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Аманғосов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Еркін Жиеналиндер ізгі лебіздерін білдірді.
Р.S.
Кездесуден соң, Ербол Жеткергенұлы бастаған топ аудандық жұмыспен қамту орталығы мен «Мейірім үйінде» болып, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына қызмет көрсету барысымен танысты.

Басқа жаңалықтар