Спорт

Ұлттық спортқа қызығатын жастар көп

Жуырда Қайыңды ауылының Көсембай негізгі мектебінде “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жасөспірімдер мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан аудандық турнир өткізілді. 63 оқушы бағын сынаған турнирде кейбір спортшылардың ұлттық спортқа қызығушылығы мен ұмтылысына тәнті болдық. Ойлы есепке құрылатын ойында шеберліктері шыңдалған жастардың өсіп келе жатқанына көз жеткіздік. Әрине, бұл турнирде ұлттық спортқа құмар жастарға оның әліппесін үйретіп, амал-тәсілдерін түсіндірген Ойыл БЖСМ-нің ауыл мектептеріндегі үйірме жетекшілерінің еңбегі де сынға түсті.

Кәмшат ЕГІЗБАЕВА,

Ойыл БЖСМ әдіскері.

Басқа жаңалықтар