Спорт

Біздің жігіттер көршілердің кубогын жеңіп алды

Жуырда Атырау облысы, Қызылқоға ауданында белгілі кәсіпкер, спорт жанашыры Серік Сабытаевты еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында өткен облыстық ашық турнир өтті. Ауылы аралас, малы қоралас көрші ауданда өткен айтулы турнирге ойылдық спортшылар да арнайылап барып, қатысты. Кезінде волейболдың отанына айналған Ойыл жастары алдыңғы буын ағаларының жолын жалғап, тұғырлы жеңістің ізін үзген емес. Талай-талай турнирлерде, тіпті бірегейі республика деңгейінде топ жарып жүр. Бұл жолы да 9 команда сынға түскен Қызылқоғада өткен облыстық турнирде Ойыл командасы І орынға ие болды. Жарайсыңдар, жігіттер! Тұғырлы жеңістеріңіз көп болсын!

Басқа жаңалықтар