Әлеумет

Күлжамалдың үлгісі

Covid-19 күллі әлемді күрсіндіріп ғана қоймай, дүр сілкіндіргені бәрімізге мәлім. Әлем елдеріне салқынын салған індетті сан-сағатта тоқтату мүмкін емес. Ауруды асқындырмай алдын алған жерлестер қауіпті індеттің таралуына жол бере қоймады. Бұл індеттің біздің ауданға да жеткені жасырын емес. Осы орайда коронавирустың белгісі анықталған жандарды емдеп жатқан дәрігерлерге ауданның еріктілері бастау болып, ыстық тамақпен қамтып келеді. «Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас» демекші, осы еріктілердің көрсеткен істеріне үн қосып, қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсеткен ауданның жеке кәсіпкері Күлжамал Әліп қажетті азық-түлікпен демеушілік көрсетіп жатыр. Әрдайым қайырымдылық шаралардан қалыс қалмай, жақсы істердің жанында жүретін Күлжамал апайдың ісін үлгі тұтып жүрген еріктілер, қанатымен су сепкен қарылғаштай азық-түліктен түрлі-түрлі тамақтар әзірлеп, дәрігерлерге апарудан бір сәтте жалыққан емес. Апталап үйлерін көрместен науқастарға қалт етпей қарап, адам жанына араша түсіп жатқан ақ халатты абзал жандардың да айтары бір. «Бірлік түбі береке» деген ұғымды ұстанған дәрігерлер дәл қазіргі уақытта қауіпті індетті бірлесіп жеңуге шақырады.

Басқа жаңалықтар